Күні кеше, 3 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпулер кешкі сағат 21:13 шамасында байқалған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырымда, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Қазақстанның бірнеше өңірінде жер сілкінісі 2 баллдық қарқындылықпен сезілген.
Түркістан облысында дүмпулер Мырзакент, Жетісай, Абай ауылы, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов ауылы, Арыс, Темірлан, Шәуілдір, Шаян, Түркістан, Кентау, Шорнақ және Шолаққорған аймақтарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелген.
Жамбыл облысында дүмпулер Бауыржан Момышұлы ауылы, Тараз, Сарыкемер, Аса, Құлан, Мерке, Қаратау, Жаңатас және Қордай аймақтарында байқалған.
Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
