Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін кезекті жарыс күні басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
60 келі салмақта Оразбек Асылқұлов жартылай финалға өтті. Бүгінгі жапониялық қарсыласы Шунсуке Китамото жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады, сондықтан Асылқұлов жекпе-жексіз-ақ келесі кезеңге жолдама алды.
65 келі салмақта Лаура Есенкелді ширек финалда үндістандық Анкушита Боромға қарсыласып, барынша қарсылық көрсеткенімен, 1:4 есебімен жеңіліс тапты.
50 келі салмақта Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ширек финалда үндістандық Вишванаш Сурешке 0:5 есебімен ұтылып, жарысты ерте аяқтады.
