Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында әлем чемпионы өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен қолғап түйістірді.
Боксшы Ерсалы Жақпеков өзбекстандық Әлем чемпионынан ұтылып қалды
114
оқылды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ерасыл Жақпеков Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында әлем чемпионы өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен қолғап түйістірді.

Ерасыл бірінші раундта басым түсті. Дегенмен екінші және үшінші үш минуттықта өзбекстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.

Айта кеткен жөн, бүгін, яғни 5 сәуірде Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) шаршы алаңға шығады.