Елімізде 11 электр стансасын кеңейту жоспарланған.
Ұлттық жоба аясында қай қалалардың электр стансалары жаңғыртылады?
Фото: iStock
100
оқылды

Көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында Энергетика министрлігі үшін басым бағыттардың бірі – қолданыстағы энергия көздерін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту болмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалпы, 11 электр стансасында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:

* Ақсу ГРЭС-нің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
* Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
* Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);
* Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
* Топар ГРЭС  жаңғырту (250 МВт);
* Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
* Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
* Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
*  Qarmet  АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
* Степногор  ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр стансаларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.