Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта жарыс жолын 1/2 финалдан бастады. Ол бұл кезеңде Үндістан өкілі Пужа Ранимен кездесті.
Тартысқа толы жекпе-жекте Надежда Рябец 3:1 есебімен жеңісті суырып алды. Осылайша отандасымыз алтын медаль үшін жұдырықтастады.
Айта кетейік, 6 сәуірдегі кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) рингке шығады.
