Алдын ала «гипотермия» диагнозымен ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Ақмола облысында ерекше құтқару операциясы жүзеге асырылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
218
оқылды

Ақмола облысында 60 жастағы жергілікті тұрғын Бурабай ауданындағы Үлкен Забой су айдынына балық аулауға барған. Мұз жарылып, жағадан ажырай бастағанына қарамастан, ол мұз үстіне шыққан. Соның салдарынан ер адам суға түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алғашында ол өздігінен судан шыға алғанымен, біраз уақыттан кейін қайтадан суға құлап кеткен.

Қуанышқа орай, оның жанында Кирилл мен Даниил есімді жас жігіттер болған. Олар бірден 112 нөміріне хабарласып, нұсқаулыққа сәйкес ер адамға сырық лақтырып, оның су бетінде қалуына көмектескен.

Қоңырауды кезекші Мирас Мүбәраков қабылдап, куәгерлермен бейнебайланыс арқылы байланыста болып, олардың әрекеттерін үйлестірген. Сонымен қатар, ол жігіттерге суға өз бетімен түсуге қатаң тыйым салған.

– Оқиға орнына алғаш болып Щучинск қаласындағы №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жетті. Олар зардап шеккенді судан шығарып, жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін алғашқы көмек көрсетті.

Алдын ала «гипотермия» диагнозымен ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта Кирилл мен Даниилді ведомстволық наградамен марапаттау мәселесі қарастырылуда, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.