Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында жерлесіміз 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, қырғызстандық Асан Жанышовпен белдесті.
Кездесу қарсыластың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. Тұрсынов енді қола медаль үшін күреседі.
Қола жүлде үшін белдесу 7 сәуірде өтеді. Сондай-ақ осы күні Қаһарман Қисметов (77 келіге дейін) жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.
