Әнші Айдана Меденова арбадағы ерекше қыздың арманын орындады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ерекше қыз Алматыдағы Арбатта ән салады. Ол Айдана Меденованың орындауындағы әндерді жақсы көреді. Мұны әлеуметтік желіде оқырмандары әншіге хат жазып, жеткізген. Осыдан кейін әнші арнайы өзі іздеп келді.
"Мен Арбатқа өте үлкен миссиямен келіп тұрмын. Оның алдында көптеген хабарлама алдым. Арбатта бір өте талантты жан менің әндерімді айтады екен. Өзіме де қызық болып тұр. Жеке танысқым келіп тұр. Қатты қобалжып тұрмын. Ештеңеге ұқсамайтын ерекше сәт болды… Ақерке, саған сәттілік тілеймін, үлкен жұлдыз бол! Тезірек сауығып, бізбен бірге бол ", - деді әнші.
Әнші ерекше қызға гүл шоқтарын сыйлап, бірге ән салды. Ал мұндай тосынсый күтпеген Ақерке көз жасына ерік берді.
Желіде жұрт әншінің мейірімділігіне сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
