Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.
Боксшы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
84
оқылды

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.