Ол финалда өзбек боксшысымен кездеседі.
Боксшы Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты
93
оқылды

Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Аққалықов Моңғолия өкілі Далай Ганзоригке қарсы жекпе-жекті сенімді бастады.

Алғашқы раундтың өзінде-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдыққа ие болды.

Одан кейін де Аққалықов басымдығын сақтап қалды. Екінші раундта Ганзориг тағы да нокдаунға түсті. Нәтижесінде, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Джавохир Абдурахимовпен кездеседі.