Ақмола облысының Зеренді ауданында тағы бір қайғылы оқиға тіркелді.
Ақмола облысы Зеренді ауданында су қоймасынан ер адамның мәйіті табылды
152
оқылды

Бүгін Алексеевка ауылы маңындағы Доломитовый мен Алексеевка елді мекендерінің арасындағы су қоймасында балық аулап жүргендер жергілікті тұрғынның мәйітін тауып, өлі денесін судан алып шыққан,  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Марқұмның үстінде киімі болған. Ер адам балық аулаумен айналыспағаны белгілі болды. Дегенмен су қоймасына жақын жерде тұрған. Ел арасында ол автокөлік жөндеумен айналысатын шебер ретінде танылған, әжесімен бірге тұрған.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі оның суға батып кетуінен болған. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты қарастырылып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы