Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ауыр халде жатқаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы The Times басылымы хабарлады.
Халықаралық дереккөздерге сүйенсек, ол соғыстың алғашқы күндерінде жарақат алып, қазіргі таңда Құм қаласында ес-түссіз күйде ем қабылдап жатыр. Осыған байланысты шешім қабылдау процесіне қатыса алмай отырғаны айтылады.
Бұған дейін Reuters оның әуе соққылары кезінде жараланғанын жазған. Кей мәліметтерде сол шабуылда оның әкесі – Али Хаменеи және жақын туыстары қаза тапқаны айтылған.
Ал Associated Press оның тағайындалғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасағанын, бірақ көпшілік алдына шықпағанын хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, Иран тарапы Хаменеи тірі екенін және денсаулығы жақсы екенін мәлімдеп отыр.
