Украина - Ресей соғысы жалғасуда
Ресей күштері Донецк облысында алға жылжыды
174
оқылды

Ресей күштері Донецк облысында алға жылжыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

DeepState жобасының мәліметінше, Ресей әскері қарсы тарап Гришино ауылында және Котлино маңында позицияларын кеңейткен.

Гришино ауылы Покровск қаласының солтүстік-батысында орналасқан. Картада бұл елді мекеннің басым бөлігі бақылауға алынған, қалған бөлігі кіру аймағы ретінде белгіленген.

Котлино кенті Покровсктің оңтүстік-батысында орналасқан. Оның бір бөлігі бақылауда, ал қалған аумағы да ұрыс аймағы ретінде көрсетілген.