БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікке қатысты қарар қабылданбай қалды. Құжатты 15 мүшенің 11-і қолдағанымен, Ресей мен Қытай вето қойып, оның өтуіне тосқауыл болды .
Ұсынылған қарар мемлекеттерді бұғаз арқылы өтетін коммерциялық кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесіп әрекет етуге шақырған. Алайда Ресей мен Қытай бұл құжатты Иранға қарсы бағытталған деп бағалап, қолдаудан бас тартты .
АҚШ өкілдері бұл шешімді сынға алып, Ормуз бұғазының жабылуы жаһандық экономика мен гуманитарлық жеткізілімдерге қауіп төндіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, тараптар арасындағы келіспеушілік Таяу Шығыстағы жағдайдың күрделене түскенін көрсетіп отыр
