Бұған дейін UFC-дің ресми сайтында қазақстандық файтердің допингке қарсы ережені бұзғаны үшін бір жылға шеттетілгені хабарланған еді
UFC-ден жауап келді: Әліби Ыдырыс допинг сынамасының қайта тексеру нәтижесін жариялады
92
оқылды

Қазақстандық UFC файтері Әліби Ыдырыс допингке қатысты қайта тапсырылған сынамасының нәтижесін жариялады. Спортшы Instagram-да 16 наурызда алынған үлгінің қорытындысын көрсетіп, онда тыйым салынған заттар анықталмағанын мәлімдеді.

Бұған дейін UFC-дің ресми сайтында қазақстандық файтердің допингке қарсы ережені бұзғаны үшін бір жылға шеттетілгені хабарланған еді. Ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 21 ақпанда Хьюстонда өткен UFC Fight Night турнирі кезінде алынған сынамадан тыйым салынған гидрохлоротиазид диуретигі табылған. Сол кеште Ыдырыс ямайкалық Оди Осборнды жеңген болатын.

Осы жағдайдан кейін Техас штатының спорт комиссиясы Ыдырыс пен Осборн арасындағы жекпе-жек нәтижесін есептелмейді деп өзгертті. Бұл жеңіс Әліби Ыдырыс үшін UFC-дегі алғашқы жеңіс саналған еді.