Жаңа бағыт "Қарағанды – Жезқазған" желісінің жалғасы және өңірлерді өзара байланыстырады.
Қарағандыдан Маңғыстауға тікелей қатынайтын пойыз шықты
Фото: gov.kz
111
оқылды

Қарағандыдан Маңғыстау облысына тікелей жолаушылар пойызы іске қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алғашқы рейс Маңғыстау стансасына жетіп, жергілікті жұртшылық салтанатты түрде қарсы алды.

Жол жүру уақыты шамамен 41 сағатты құрайды. Пойыз Маңғыстауға тақ күндері сағат 12:08-де келіп, кері бағытта сағат 14:34-те жолға шығады.

Билет құны: купе –  22 123 теңге, плацкарт – 14 467 теңге.

Қазіргі уақытта пойыз құрамында сегіз вагон бар, алдағы уақытта олардың санын онға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жаңа бағыт жолаушылар үшін сапарды жеңілдетіп қана қоймай, ішкі туризмнің дамуына және өңіраралық байланыстың нығаюына ықпал етпек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.