Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қуанышты жаңалықты желіде алғаш болып оның жары Баян Алагөзова бөлісті.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы бейнежазба жариялап, жолдасын жаңа марапатымен құттықтаған. Видеода Баян Алагөзова Тұрсынғали Алагөзовті телефон камерасына түсіріп, өз мақтанышын жасырмады.
«Алагөзов мырза енді жай ғана Тұрсынғали Тұрымович емес, бүгінде “Парасат” орденінің иегері. Құттықтаймын, мен сені өте мақтан тұтамын», – деді ол.
Өз кезегінде марапат иесі жазба астында елге қызмет етудің маңызы туралы пікір білдірді.
«Елге адал қызмет ету – әр азаматтың жүрегіндегі ең үлкен жауапкершілік. Туған жеріңе пайдаңды тигізу – нағыз абырой. Бүгінгі ісің ертеңгі ұрпаққа үлгі болсын», – деп жазды кәсіпкер.
