Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акция­сы аясында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 балалар кітап­ханасында «Экология әлеміне саяхат» атты экоквест ұйымдастырылды.
Кітапханадағы экоквест
86
оқылды

Зияткерлік форматтағы іс-шара балалардың эко­логия­лық ойлауын қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасын дамытуға және қоршаған орта туралы білімдерін бекітуге бағытталды. Іс-шараға №86 «Зияткер» балабақшасының тәрбиеленушілері қа­тысты. Экоквест барысында қатысушылар тақырыптық станcалардан өтіп, экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаға жеке жауапкершілікті сезінуге бағытталған түрлі тапсырманы орындады. Ойын форматы балалардың қы­зы­ғу­шылығын арттырып, жаңа білімді тиімді меңгеруге мүмкіндік берді.

«Біз балаларға экологиялық білімді қызығушылық пен белсенді қатысу арқылы жеткізуді мақсат еттік. Кітап – негізгі құрал, ал ойын форматы материалды жақ­сы мең­геруге және табиғатқа саналы көзқарас қа­лып­тас­тыруға ықпал етеді», – деді №6 балалар кітап­ханасының кітапханашысы Малика Смайылова.

Сонымен қатар №6 балалар кітапханасында «Таза Қазақстан» тақырыбы аясында оқырмандар назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып, экологиялық тәрбиеге бағытталған түрлі форматтағы танымдық және тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашыр көзқарасын дамы­туда маңызды рөл атқарады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ