Продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде жаңа сериал түсіріп жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер жаңа туындысында басты рөлде танымал жұлдызды жұп Ғазрет Қажымұқанұлы мен Камшат Жолдыбаеваның ойнайтынын айтты.
Туында күзде көрерменге жол тартпақ.
«Басты рөлде осы жұп! «Жеңеше» телесериалы – осы күздің басты премьерасы! Кәмшатты сағынғандар бар ма?» - деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары сериалды асыға күтетінін айтып, сәттілік тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
