Әйелдің айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы бұл жағдай туралы ашық айтуға бата алмаған. Бұған ауылдық жерде қалыптасқан қоғамдық қысым мен қорғансыздық сезімі себеп болған.
«Төрт еркек топтасып, 17 жасымда зорлады»: Батыс Қазақстанда 30 жыл бұрынғы қылмыс ашылды
572
оқылды

Батыс Қазақстан облысында шамамен 30 жыл бұрын болған ауыр қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеудің басталуына сол өңірдегі адамның әлеуметтік желідегі жарияланымы негіз болған.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға оның 17 жасында болған. Сөзінше, төрт ер адам оны ауыл аумағынан күштеп алып кетіп, қараусыз қалған ғимаратта топ болып зорлаған. Сонымен қатар қызды ұрып-соғып, кейін Жайық өзенінің жағасына апарып, өлтіреміз деп қорқытып, сол жерде тастап кеткен.

Әйелдің айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы бұл жағдай туралы ашық айтуға бата алмаған. Бұған ауылдық жерде қалыптасқан қоғамдық қысым мен қорғансыздық сезімі себеп болған. Тек уақыт өте келе, өзі шетелде тұрып жатқан жәбірленуші әділдікке қол жеткізу үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта оның құқығын NeMolchi.Kz қоғамдық қоры қорғап жатыр. Қор өкілдері істің әділ тергелуіне әрі кінәлілердің жауапқа тартылуына қолдау көрсетіп отыр.

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс аясында барлық мән-жай жан-жақты тексеріледі. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұл жағдай қоғамда зорлық-зомбылық құрбандарының үнін естудің және олардың құқығын қорғаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетіп отыр.