Кәсіпкер, блогер Бейбіт Әлібеков Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің үйін таныстыру барысында түсірілген бейнежазбаны жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Видеодан Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзовтің алғашқы некесінен туған ұлын жылы қарсы алғаны байқалады.
“Арсен, сәлем! Қалың қалай? Қатты арықтап кетіпсің ғой. Не болды?”, - дейді ол жылы жүзбен амандасып.
Желі қолданушыларын бұл сәт бейжай қалдырмады.
“Баянның сүйіп алғанын көріп, көзіме жас алдым”, “Қарым-қатынастары жасанды емес, керемет”, “Ешқандай реніш пен жек көру жоқ. Әдетте бұндай жағдайда көп отбасында қырылыс пен бет көріспеу болады”, “Баян керемет әйел, кеңпейілді”, деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
