Әнші Мейрамбек Бесбаев әнші Еркеш Хасенге автокөлік сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы Еркеш Хасен әлеуметтік желіде бөлісті. Айтуынша, концерттен кейін екеуі бірге іс-шараға барып, ән салған. Сол кезде Мейрамбек Бесбаев одан үйіне қалай қайтатынын сұраған және Еркеш Хасен таксимен баратынын жеткізген.
Мейрамбек Бесбаев келесі күні Еркешті шақырып, көлік алуға қаражат жіберетінін айтқан.
«Маған картаңның нөмірін қалдыр. Мен сый-сыяпатымды жіберейін. Өзіңе ыңғайлы көлік ал» деді. Мен үшін бұл күтпеген сый болды. Сөйтіп Мейрамбек ағам көлік алып берді. Бұл мен үшін үлкен құрмет», - дейді Еркеш Хасен.
Желі қолданушылары әншінің жомарттығына тәнті болды.
«Мейрамбек мәрт жігіт қой. Өзіме деп қалталарына басып жатқандар қаншама, көздерін шел басқандар да көп. Мейрамбектің әлі де мәрттігі бар екен, Алла разы болсын. Артынан ерген інісіне аға болып көмектескені қандай керемет. Бұйырса сенде де болар, қайтатын нәрсе ғой! Игілігіне міне ғой, құтты болсын!», «Мейрамбек тектілігін көрсетіп, тіпті сторисіне салмапты ғой, «ініме машина сыйладым» деп ше. ...Басқалар болса пранк-мранк деп жылатып, мың сан камерамен адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырып, мүсәпір күйге түсіреді ғой. Мейрамбек аристократ, өте мәдениетті, адамгершілігі мол екенін дәлелдеп тастады. Ұлық болсаң кішік бол деген», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
