Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өнерлі жастарды жаңадан басталған Super Star KZ жобасына қатысуға шақырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Жүргізуші жастар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмау керегін атап өтті. Сонымен қатар өзінің өкініші туралы айтты.
«2003 жылы салмағым да, түрім де, даусым да комплекске толы адамның образы ғой. Бірбеткейлік, өжеттік бар сияқты көрінеді. Менің ойымша ол жастық. Қазір ақыл толысқан шақ. Біздің алдымызға сондай шарт қойылды. Кел, сенің де жұлдызыңды жағайық! Қорықпа, Ләйлә ондай қатал емес қазір! Өзіңе сен, қалғаны болады! Тәуекел ет, нәтижесін көресің!», – деп жазды ол.
Тележүргізуші бұл жоба талантты жастардың жұлдызын жағатынын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
