Алатау ауданына жарық тартылды
Алатау ауданына жарық тартылды
203
оқылды
Алматыдағы Алатау ауданы тұрғындары үйлеріне электр энергиясы тартылып, қуануда. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тікелей тапсырмасы аясындағы «шексіз қала» бағдарламасына сәйкес жүргізілген жарықтандыру жұмыстары аяқталды.  width= Аудан аумағындағы бұрын жарығы болмаған 2024 көшені жарықтандыру жұмысы қолға алынып, жүйелі жұмыс басталып та кетті. Дәл қазір аудандағы «Мәдениет» ықшамауданында жөндеу жұмыстары қызу басталды. Осы аумақтағы 17 көшеге жүргізілген құрылыс монтаж жұмысы аяқталып, 15 көше жарықтанды. Қалған екі көше наурыздың соңына дейін жарыққа қосылады. Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Ықшамауданда мемлекеттік-жекеменшік механизмі бойынша 139 шам орнатылып, 6,5 шақырым әуе желісі тартылды.   Гүлнар ТӘЖІ