Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл нәтижесінде қылмыстық топ құрықталды.
Қылмыстық топ заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырған
Фото: gov.kz
216
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы 12 маусымда Түркістан облысында ҰҚК полициямен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне заңсыз делдалдық қызметтер ұйымдастырды деп күдіктелуде. Жиналған материалдардың негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Тінту барысында 5 бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.