Президент кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.
Ғылым саласындағы үлкен жетістіктері және жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталды:
«Парасат» орденімен
Дүйсекова Күләш Керімбекқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры
Монтаев Сәрсенбек Әлиақбарұлы – «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ зертханасының жетекшісі;



«Құрмет» орденімен
Дүйсен Ғалымжан Мұстахимұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» РМК бас директорының орынбасары
Көлдеев Ержан Итеменұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ проректоры
Мерц Виктор Карлович – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері
Орынбаев Мұхит Бармақұлы – Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері
Приходько Николай Георгиевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» РМК бас ғылыми қызметкері
Түсіпбаев Несіпбай Қуандықұлы – «Металлургия және кен байыту институты» АҚ зертханасының меңгерушісі;




«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы – «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Басқару институтының қауымдастырылған профессоры
Әбдікенов Бейбіт Болатқазыұлы – «Аstana IT University» ЖШС директоры
Батрышев Дидар Ғалымұлы – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ ғылыми қызметкері
Белгібаева Анаргүл Сәрсенбайқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ профессоры
Бөргеков Дарын Боранбайұлы – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Ядролық физика институты» РМК Астана филиалының директоры
Догадкин Дмитрий Сергеевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ зерттеуші инженері
Ермұхамбетова Әсия Әмірханқызы – «Жас ғалымдар альянсы» ҚБ төрағасы
Кеңесов Болат Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» ЖҒҰ профессоры
Конкина Гүлбаршын Спанқызы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры
Қасымов Асқар Бағдатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Шәкәрім университеті» КеАҚ профессоры
Лутай Сергей Сергеевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ аға оқытушысы
Махамбетов Ерболат Нысаналыұлы – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының зертхана меңгерушісі
Өтепов Елбек Бақытұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры
Перфильева Анастасия Викторовна – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Генетика және физиология институты» РМК қауымдастырылған профессоры
Тауанов Жандос Төреғұлұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Жастар кеңесінің төрағасы
Тәжібаев Еркебұлан Мұратұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма мүшесі – проректоры
Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» ЖҒҰ ғылыми орталығының басшысы
Укин Сымбат Кенжебекұлы – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры
Шлимас Дмитрий Игорьевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ оқытушысы-зерттеушісі;




«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді
Омаров Амангелді Жұмағалиұлы – «Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті» мекемесінің президенті;
«Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді
Қадыржанов Қайрат Қамалұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ аға ғылыми қызметкері.


