Қазақстанда ет өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде айтарлықтай өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа өсім 18%-ды құраған.
Ең жоғары баға өсімі қой етінде тіркелді. Бір жылда 24,5%-ға қымбаттаған.
Сиыр еті де едәуір өсіп, шамамен 22%-ға артқан. Ал жылқы етінің бағасы 15%-ға көтерілген.
Сонымен қатар, шошқа еті 13,5%-ға, ал құс еті шамамен 11%-ға қымбаттаған.
