Ол шетелден оралған тұнғыш қызын әуежайдан Тұрсынбек Қабатовпен бірге күтіп алғанын айтты.
«Бір жарым жылдан кейін көрдім...»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты (видео)
98
оқылды

Продюсер Мөлдір Мұқан бұрынғы жолдасымен қарым-қатынасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол шетелден оралған тұнғыш қызын әуежайдан Тұрсынбек Қабатовпен бірге күтіп алған. Сонымен қатар қыздары ұсынған 501 ақ раушан гүлді Тұрсынбек Қабатов беріп жібергенін атап өтті.

«Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам, айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Тек қана амандастық, болды. Сәлеміміз түзу»- деді продюсер Жетінші арнаға берген сұхбатында. 

Сонымен қатар жеке өмірінде әзірге жаңалық жоқ екенін айтты. Желі қолданушылары продюсерге бақыт тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.