Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуы инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Елде инсульт орталықтарымен (85) және коронарография бөлімшелерімен (82) толық қамту қамтамасыз етілген. Жүрекке жасалатын жоғары технологиялық операциялардың саны арттырылды.
Бұл инфаркттан болатын өлімді 3,2%-ға, ал инсульттан болатын стационарлық өлімді 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді.
