2025 жылы Қазақстанда бөлшек несиелеу нарығында бәсеңдеу байқалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл негізінен халық тарапынан сұраныстың төмендеуімен байланысты.
Несиелік өтінімдер саны 13,7%-ға қысқарды. Әсіресе нарықтың негізгі бөлігін (91%) құрайтын кепілсіз несиелер сегментінде өтінімдер 16,9%-ға азайған.
Сонымен қатар, ипотека (9,2%), автонесиелеу (41,8%) және кепілмен берілетін тұтынушылық несиелер (77,1%) өсім көрсетті. Бұл сұраныстың біртіндеп кепілмен қамтамасыз етілген несиелерге ауысқанын білдіреді.
Несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 18,2%-ға дейін өсіп, мақұлдау деңгейі 26,2%-ға дейін төмендеді. Ал мерзімі өткен қарыздар үлесі 4%-ға жетті.
Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы да нарықтағы баяулау үрдісі сақталады.
