Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Мәжіліс рейтингтік қызмет туралы заң жобасын қарайды
75
оқылды

Депутаттардың қарауына бі­рінші оқылымда «Рейтингтік қыз­мет туралы» заң жобасы ілес­пе тү­зетулерімен ұсынылады. Құжат Мем­лекет басшысының 2022 жыл­ғы 26 қыркүйектегі ­Жар­лығымен бекітілген Қа­зақ­стан Республи­касының қаржы секторын дамы­тудың 2030 жыл­ға дейінгі тұжы­рым­­­дамасына сәй­кес әзірленді. 

Заң жобасы рейтингтік қыз­мет­тің құқықтық және институцио­налдық негіздерін қалыптастыруға, рейтингтік қызметтердің жергі­лік­ті нарығын дамыту үшін жағдай жа­сауға, сондай-ақ кре­диттік рей­­тингтік агенттіктер қызметінің ашық­тығы мен тәуел­сіздігін қам­тамасыз етуге бағытталған. Құжат арқылы рейтингтік қызметті рет­теудің адалдық, жұмыстың сапасы мен ашықтығы қағидаттарын бекітетін кешенді нормаларды енгізу, агенттіктердің әдіснамасы мен капиталына қойылатын та­лаптарды бекіту, сондай-ақ халық­аралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, осы саладағы мүдделер қақтығысын басқару және мемлекеттік қадағалау мәсе­­­­­­­лелерін реттеу көзделеді.

Екінші оқылымда депутаттарға ғылым мәселелері бойынша заң­намалық түзетулерді қарастыру ұсынылады. Заң жобасы ғылым мен инновацияның ұзақмерзімді және тұрақты дамуы үшін тиімді құқықтық база құруға бағытталған. Атап айтқанда, ғылыми және тех­­нологиялық ресурстарды шоғыр­ландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылым саласының инвестициялық тар­тым­дылығын арттыру, оның ішінде ғылымды қажет ететін аумақ­тарды құру мен дамыту арқылы инвести­циялық тартымдылықты арттыру мәселелерін реттеу тетіктері көз­деледі.

Күн тәртібіне Мәжіліс депу­таттары бастамашы болған, ілеспе түзетулері бар селекциялық жетіс­тіктерді қорғау туралы заң жоба­лары да енгізілді, оны қорытынды дайындау үшін салалық комитет жұмысқа қабылдайтын болады.