Әнші Кәмшат Жолдыбаева өнерден алыстауына не себеп екенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші сахнадан көрінбеуіне отбасылық мәселе себеп екенін жасырмады. Жақында сәбилі болған ол көп уақытын отбасына арнайтынын, сонымен қатар психологияға бет бұрғанын айтты.
«Кәрі қыз бала тапқан кезде, өзін қоярға жер таппайды» дейтін бе еді, сондай сөз бар еді ғой. Осы сөз мен туралы. Негізі көбі қате түсінікте. «Күйеуі қатал, шығармай жүр» деп ойлайды. Мен келін болар уақытта психологияға бет бұра бастадым. Қазіргі уақытта мен біреудің әйелімін, анасымын, келінімін", - дейді ол "Ревю" бағдарламасында.
Желі қолданушылары ұзақ үзілістен кейін әншінің сырт келбеті жақсы жаққа өзгергенін атап өтті. Алайда сөздік қоры аз екенін айтып, сынға алды.
«Сөйлеуді ұмытып қалыпты ғой», «Тіл байлығы аздау екен», «Танымай қалдым, бұрынғыдан сұлу болып кетіпсің», «Кәмшат қызымыз тұрмысқа шығып, ана болғалы әдемі болып, ажарланып кетіпті», «Қатты өзгеріп кетіпті», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
