Продюсердің айтуынша, оның жолдасы Тұрсынғали Алагөзов билеген биді дәл қайталау оңай емес.
Баян Алагөзова күйеуінің биін қайталағандарға қомақты жүлде тағайындады
229
оқылды

Баян Алагөзова әлеуметтік желіде ерекше байқау жариялап, көпшілікті белсенділікке шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Продюсердің айтуынша, оның жолдасы Тұрсынғали Алагөзов билеген биді дәл қайталау оңай емес.

Соған қарамастан, ол батыл қатысушыларға қомақты сыйақы 500 мың теңге ұсынды.

«Бұл биді айнытпай орындау мүмкін емес деп ойлаймын. Бірақ, бәлкім, мен қателесіп тұрған шығармын? Жүлде — 500 мың теңге. Бейнені TikTok-қа #алагузоводинводин хэштегімен жүктеңіздер», — деп жазды ол Instagram сторисінде.

Айта кеткен жөн, бұған дейін кәсіпкер өз парақшасында 15 секундтық бейнеролик жариялаған. Онда ол араб әуеніне ерекше стильде би билеп, көпшіліктің назарын аударды. Қысқа уақыт ішінде видео миллионға жуық қаралым жинап, әлеуметтік желіде кең тарап, әзілге толы трендке айналды.