Қазақстандық еркін күрес шебері Болат Сақаев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз Солтүстік Корея өкілі Сон Ган Джиден басым түсті.
Белдесуде Сақаев 12:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, жартылай финалдық белдесулер бүгін, 11 сәуірде өтеді.
