«Тобыл» бұл маусымдағы екінші ұпайына қол жеткізді
«Тобыл» мен «Қайрат» арасындағы ойын ел күтпеген есеппен аяқталды
vk.com/fckairat
177
оқылды

Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында «Тобыл» мен «Қайрат» командалары кездесті. Ойын Қостанайдағы Тобыл Арена стадионында өтті.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қарқын жоғары болды. 5-минутта Александр Марочкин есеп ашқандай көрінгенімен, VAR жүйесі голды офсайдқа байланысты тіркемеді. Алайда 13-минутта Урош Милованович алматылықтардың қорғанысындағы қателікті тиімді пайдаланып, есепті ашты. 19-минутта Дастан Сәтпаев таразы басын теңестірді. Осылайша, алғашқы тайм тең нәтижемен аяқталды.

Ойын соңына дейін есеп өзгеріссіз қалды — 1:1.

Осы нәтижеден кейін «Қайрат» 11 ұпай жинап, «Елімай» клубымен бірге турнир кестесінің көш басында тұр. Ал «Тобыл» бұл маусымдағы екінші ұпайына қол жеткізді.