АҚШ-тың NASA жүзеге асырған «Артемида II» миссиясының төрт астронавты Ай маңындағы тарихи сапардан кейін Жерге сәтті оралды. Ғарыш кемесі Тынық мұхитына қауіпсіз қонып, миссия толық аяқталды.
Шамамен 10 күнге созылған бұл сапар – соңғы жарты ғасырдағы Айға бағытталған алғашқы адам қатысқан ұшу болды. Экипаж Жерден 400 мың шақырымнан астам қашықтыққа дейін ұшып, бұрын-соңды адам бармаған аймаққа жетті.
Миссия барысында ғарышкерлер Айды айналып өтіп, қайтадан Жерге бағыт алды. Ең күрделі кезең – атмосфераға қайта кіру кезінде кеменің жылу қорғанысы сыналды. Кеме дыбыс жылдамдығынан 30 есе жоғары жылдамдықпен кіріп, шамамен 2700°C температураға төтеп берді.
Қону сәті дәл әрі сәтті өтті. NASA өкілдері бұл кезеңді «дәл қону» деп бағалады. Құтқару топтары экипажды қысқа уақыт ішінде қауіпсіз түрде эвакуациялады.
«Артемида II» – алдағы жылдары адамды қайтадан Айға қондыруды мақсат ететін бағдарламаның маңызды кезеңі. NASA бұл жобаны болашақта Марсқа ұшу үшін дайындық ретінде қарастырып отыр.
