Алдын ала дерек бойынша, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкетіп, қалаға кіреберісте қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ол Mersedes-Benz көлігімен соқтығысқан.
Өскемендегі жантүршігерлік жол апаты: екі жүргізуші қаза тапты
75
оқылды

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат Малдыбаев көшесінде тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкетіп, қалаға кіреберісте қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан ол Mersedes-Benz көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққыдан екі көліктің жүргізушісі де оқиға орнында қаза тапты. Ал Mersedes-Benz автокөлігінің жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.