Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда таралып жатқан ақпараттың әсері жайлы ой қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол қазір бір ғана сөз немесе жазба миллиондаған адамға әсер ететінін атап өтті. Сондықтан ана ретінде балаларының болашағына алаңдайтынын жасырмады.
«Маған кейде қорқынышты… Бір адамның сөзі миллион адамның жүрегіне үрей салатын заманға келдік. Бір пост бүкіл әлемді дүрліктіре алады. Біз – өркениетті бейбіт әлемнің бір бөлшегіміз. Ана ретінде мен бір ғана нәрсені қалаймын, балаларымыздың санасында бейбіт әлем, сенім мен бақыт бұзылмасын», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
