Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.
ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
