Өрт кезінде арнаулы қызметтің аулаға кіруіне кедергі келтірген көлікке қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді.
Астанада өрт кезінде жолды бөгеген жүргізуші жауапқа тартылды
240
оқылды

Астана қаласындағы «Көркем» тұрғын үй кешенінде демалыс күні болған өрт кезінде аулаға кіретін жолды бөгеген көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиғаның кесірінен пәтерден үш баланың мәйіті табылып, ал олардың анасын ауыр күйік шалды. Өрт кезінде арнаулы қызметтің аулаға кіруіне кедергі келтірген көлікке қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді.

Қалалық полиция қызметкерлері көлік иесін анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қолданды.

Айта кеткен жөн, аталған құқықбұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы – 40 325 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.