Қазақстан құрамасының таеквондошысы Ислам Медетбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Медетбай әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Бірақ финалға шығу үшін өткен кездесуде жеңіске жете алмады.
Осылайша, ол Қазақстан қоржынына жасөспірімдер әлем чемпионатындағы екінші қола медальді салды. Бұған дейін Ерасыл Ерзат та үшінші орын алған еді.
