Кешке продюсердің отбасымен бірге эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
«Осындай күнге жеттік!»: Гүлзира Айдарбекова Шымкентте той жасады (видео)
95
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Шымкентте той жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер отбасындағы қуанышты атап өтіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, Шымкент қаласынан мейрамхана ашқан. Сонымен қатар  немересінің бесік тойын жасаған. 

"Бүгін біздің шаңырағымызда үш бірдей қуаныш болып жатыр", - деп жазды продюсер. 

Кешке продюсердің отбасымен бірге эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

«Бүгін біздің шаңырағымызда ерекше қуаныш. Сүйікті ұлымыз Әміренің бесік тойын атап өттік. Бұл — біздің өміріміздегі ең бақытты, ең толқулы сәттердің бірі. Аллаға шүкір, осындай күнге жеттік», - деп жазды продюсердің келіні.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.