Алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалды.
Астанада он қабатты тұрғын үй өртенді
Фото: ТЖМ
95
оқылды

Астанада он қабатты тұрғын үй өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нұра ауданы Құлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдің электр қалқанындағы өртті өрт сөндірушілері өртті сөндірді.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалды.

Өрт сөндіру оқпандары жедел түрде берілді, өртті толық сөндіру үшін барлық шара қабылданған. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

ТЖМ күштері автосатының көмегімен 3 адамды құтқарды, олардың 2-еуі — бала. Сондай-ақ баспалдақ марштары арқылы құтқару қалпақшаларын қолдана отырып 2 адам құтқарылды, олардың бірі — бала.

Нақтыланған мәлімет бойынша, электр қалқаны шахтасында өрт бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.