"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл — Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында.
Жел 15–28 м/с және одан да жоғары — Жетісу облысы, Атырау, БҚО, СҚО, ШҚО, Абай облысы және басқа өңірлерде.
Тұман — солтүстік, батыс және орталық облыстардың басым бөлігінде күтіледі.
Көктайғақ — Шығыс Қазақстан облысында.
Шаңды дауыл — Қызылорда және Түркістан облыстарында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
