Соңғы жылдары Қазақстан таза энергияға инвестициялар тарту тартымдылығын бағалайтын халықаралық Climatescope рейтингінде айтарлықтай ілгерілеушілік көрсетті.
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Фото: iStock
115
оқылды

Республика дамушы нарықтар арасында 2017 жылғы 54-орыннан 2025 жылы 24-орынға көтерілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап. Бұл жаңартылатын энергетиканың белсенді дамуын және инвестициялық ортаның жақсарғанын көрсетеді.

Қазақстан позициясының өсуі жаңартылатын энергетика жобаларына инвестиция көлемінің артуымен байланысты. Елде ЖЭК-ті қолдау саясаты, соның ішінде аукциондар және «жасыл» энергияны кепілді сатып алу тетіктері белсенді түрде енгізілуде.

Қазақстан таза энергетиканы дамыту жолында маңызды қадамдар жасап келеді. Инвесторлардың қызығушылығының артуы және нарықтық жағдайлардың жақсаруы республиканың төмен көміртекті технологиялар үшін капитал тарту бойынша өңірдегі көшбасшылардың біріне айналғанын айғақтайды.

Қазақстан нарығына TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты әлемдік алпауыттар келді. 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада елде 8 ГВт-тан астам ЖЭК қуатын іске қосу жоспарланған, бұл ұлттық энергия жүйесінің тұрақтылығын және энергия теңгерімінің әртараптандырылуын қамтамасыз етеді.

Climatescope елдерді негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды: инвестиция деңгейі, инфрақұрылым, саяси қолдау және нарықтық мүмкіндіктер. Қазақстан осы көрсеткіштердің барлығы бойынша тұрақты жақсару тенденциясын көрсетіп отыр, бұл «жасыл» экономиканы дамыту және халықаралық жобаларды іске асыру үшін жаңа перспективалар ашады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.