Ақмола облысының Степногор қаласында қайғылы жағдай болды.
Ақмола облысында бес жасар бала терезеден құлап, көз жұмды
254
оқылды

Бес жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы туған бала абайсызда ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ол дереу медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция өкілдері атап өткендей, күн жылынған сайын тұрғындар терезелерді жиі ашады, осыған байланысты мұндай қайғылы оқиғалар көбейеді. Биылдың өзінде Ақмола облысында балалардың терезеден құлауына байланысты бес жағдай тіркелген. Өкінішке қарай, олардың біреуі адам өлімімен аяқталған.

Мамандар ата-аналар мен қамқоршыларды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.