Марқұмдардың үлкені 13 жастағы қыз, одан кейін 8 жастағы қарындасы және небәрі 2 жастағы інісі болған. Оларды әкесі ақтық сапарға шығарып салды.
Астанадағы өрт: қаза тапқан үш баланы жер қойнына тапсырды
319
оқылды

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған өрт салдарынан қаза тапқан үш бала жер қойнына тапсырылды. Қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұмдардың үлкені 13 жастағы қыз, одан кейін 8 жастағы қарындасы және небәрі 2 жастағы інісі болған. Оларды әкесі ақтық сапарға шығарып салды.

Туыстарының айтуынша, өрттен тек 39 жастағы анасы Жанаргүл аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, оның денесінің шамамен 50 пайызын күйік шалған. Әйел әлі есін жимапты және болған қайғылы жағдайдан бейхабар.

Жақындары бұл қазаның ауыр соққы болғанын айтып, көпшілікті сабырға шақырып, марқұмдарға дұға бағыштауды өтінді. Олардың сөзінше, отбасында ерекше күтімді қажет ететін бала болған, ал анасы кәсіпкерлікпен айналысып, отбасының жағдайын жақсарту үшін еңбек еткен.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт кезінде аулаға кіреберісті бөгеп тұрған көлік құтқарушылардың дер кезінде жетуіне кедергі келтірген. Соның салдарынан өрт сөндірушілер оқиға орнына шамамен 20 минут кешігіп жеткен.

Аталған жағдайға байланысты көлік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылған.