Бұл туралы 14 сәуір күні Шанлыурфа провинциясының әкімі Хасан Шылдак мәлімдеді.
Түркияда оқу орнында атыс болып, 16 адам жарақат алды
Фото: Sukru Dolas/REUTERS
213
оқылды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Сиверек қаласындағы кәсіптік-техникалық лицейде қарулы шабуыл салдарынан кемінде 16 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы 14 сәуір күні Шанлыурфа провинциясының әкімі Хасан Шылдак мәлімдеді.

Зардап шеккендердің қатарында 10 оқушы, 4 мұғалім, сондай-ақ бір полиция қызметкері мен асхана жұмысшысы бар. Төрт адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Әкімнің айтуынша, шабуыл жасаған адам – осы лицейдің 2007 жылы туған бұрынғы оқушысы. Полиция оны ұстауға әрекет жасаған сәтте ол өз-өзіне қол жұмсаған. Түркия Ішкі істер министрлігі де күдіктінің шолақ мылтықпен қаруланғанын және арнаулы операция барысында сол қарумен өзіне оқ атқанын растады. Қазіргі уақытта оның әрекетінің себебі анықталып жатыр.

Оқиға кезінде лицейдегі барлық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен оқу орнының ауласында бейберекет оқ жаудырып, кейін ғимарат ішінде де атыс жасаған.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.