Henley Passport Index халықаралық рейтингіне сәйкес, Қазақстан азаматтары енді 78 елге визасыз бара алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл көрсеткіш елдің жаһандық мобильділік рейтингіндегі орнын айқындайды.
Рейтингтің көш басында Сингапур, Жапония және Оңтүстік Корея орналасқан. Сингапур азаматтары 192 мемлекетке визасыз кіре алады.
Қазақстан бұл тізімде Косово мен Қытайдан жоғары, ал Боливия мен Беларусьтен төмен емес деңгейде орын алған. Сонымен қатар көрші елдердің көрсеткіштері де белгілі болды: Қырғызстан мен Өзбекстан – 73-орында, Тәжікстан – 79-орында, Түрікменстан – 87-орында, ал Ресей – 44-орында.
Рейтингтің ең соңында Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтары небәрі 24 мемлекетке ғана визасыз кіре алады.
Мамандардың айтуынша, паспорттың “күші” елдің халықаралық қатынастары мен дипломатиялық байланыстарының деңгейін көрсетеді.
