Өнер иесі болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын жеткізді.
«Адал жар тілеймін!»: Светлана Айтбаева Димашқа аналық тілегін жеткізді (видео)
122
оқылды

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева болашақ келініне қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын жеткізді.

«Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші, көпшіліктің тілеуі ғой. Біздің де күтіп жүрген сондай бір әдемі сәтіміз… Барша тілеулес болып жатқан жандарға рақметімді айтамын. Ең алдымен өзіне ұнайтын, бір-бірін түсінетін, тәрбиелі,  білімді, ақылды, адал жар болса деп тілеймін»,- деді Света Айтбаева.

Әнші келін келген жерінің тәрбиесімен, тәртібімен танысуы керек деп санайды. Ал бөлек немесе бірге тұруды жастардың өзі шешеді дейді. 

«Бәрін тастап міндетті түрде 1 жыл бірге тұрыңдар деп күштеуге де болмайды. Жұмыстары болады, оқиды. Бірақ келген отбасының, үйдің тәрбиесін көру керек, міндетті түрде. Ағайын-туыспен араласып, қонақ шақырып, дастарқан жасап, сондай бір әдемі мектептен өтуі керек. Ал бөлек немесе бірге тұруы ол қазіргі заманға сәйкес өздері шешеді», - деді Светлана Айтбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.